Су ортасының радиоэкологиялық мониторингі


29 шілде 2020

 

Судағы радионуклидтердің мөлшерін бақылау тәсілдерінің бірі – су ортасының радиоэкологиялық мониторингі, оның маңызды және ажырамас бөлігі радионуклидтердің жергілікті «фондық» концентрациясын анықтау болып табылады. Радиациялық өлшеу нәтижелерін фондық мәндерді анықтау нәтижелерімен салыстыру қоршаған орта сапасының өзгеруіндегі қолайсыз үрдістерді анықтауға, осы өзгерістердің даму болжамын жасауға және қажет болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған тиісті басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Аталған зерттеулерді ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2018 жылдан бастап жүргізіп келеді.

Бұрын Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар, Аягөз өзендеріне, сондай-ақ Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына және Зайсан көліне жүргізілген зерттеулер Шығыс Қазақстан облысының суларындағы табиғи және жасанды радионуклидтердің фондық концентрациялары бойынша алынған деректер континенттік сулар үшін алынған шектерге кіретінін көрсетті, бұл Қазақстан Республикасында белгіленген Гигиеналық нормативтерге сәйкес араласу деңгейінен 2-4 есе төмен.

2020 жылдың шілдесінде жұмыстар Марқакөл және Дубығалы көлдерінде жалғасты. Далалық шығу кезінде химиялық, радионуклидтік және элементтік құрамды анықтау үшін су мен түптік шөгінділердің үлгілері алынды.

радиоэкология