13 шілде 2026


Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында «Адалдық. Ашықтық. Сенім» тақырыбы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының, сондай-ақ Курчатов қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік орган өкілдері кәсіпорын жұмыскерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, адалдық мәдениетін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ ашықтық пен жариялылық қағидаттары туралы баяндады.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, мүдделер қақтығысының алдын алу және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасып, кәсіпорын өкілдері қонақтарға мазмұнды кездесу мен сындарлы диалог үшін алғысын білдірді.
10 шілде 2026
09 шілде 2026
08 шілде 2026
03 шілде 2026