Құрметті әріптестер! Қымбатты достар!


23 қазан 2026

Сіздерді ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын!

Бұл айтулы күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, халқымыздың бірлігі мен жасампаздыққа деген ұмтылысын білдіреді. Дәл осы 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, елдігімізді қалыптастыруға тарихи негіз қаланды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан үлкен даму жолын жүріп өтті, халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтып, экономика, ғылым және технология салаларында елеулі жетістікке қол жеткізді. Бүгінде еліміздің алдында жаңа стратегиялық міндеттер тұр. Оларды іске асыру кәсіби біліктілікті, жауапкершілікті, заманауи білімді және ғылымның озық жетістіктерін талап етеді.

Еліміздің технологиялық прогресін қамтамасыз етуде, энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда және орнықты болашағын қалыптастыруда отандық ғылым мен атом саласы маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға, ядролық технологияларды дамытуға, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге айтарлықтай үлес қосып келеді.

Ұжымымыздың жоғары кәсіби деңгейі, мол тәжірибесі, өз ісіне адалдығы және ұрпақтар сабақтастығы алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетуімізге және алдымызда тұрған ауқымды міндеттерді жүзеге асыруымызға берік негіз болады деп сенемін.

День Республики