"Геофизикалық зерттеулер институты" филиалы


Қазақстан Республикасы Министерлер кабинетінің 29.10.1993 жылғы № 1082 қаулысына сәйкес «Бурабай» геофизикалық обсерваториясы мен № 35 геофизикалық партиясы негізінде құрылды. Ғылыми-техникалық қызметінің негізгі бағыттары:

  1. ядролық қаруды сынауды бақылау;
  2. бұрынғы ядролық полигондардың геологиялық құрылымдарын геофизикалық зерделеу және мониторингілеу;
  3. атом жылу энергетика станцияларын, РАҚ-ты сақтау және көму пункттерін орналастыруға арналған учаскелерді геофизикалық зерделеу;
  4. инженерлік-геологиялық және геологиялық-барлау жұмыстарын (бұрынғы полигондарда, уран өндіру кезінде және т.б.) жүргізу;
  5. жер сілкіністерін тіркеу және болжау;
  6. ақпаратты алу және өңдеу технологияларын, жаңа геофизикалық жабдықтар мен аппаратураларды әзірлеу, жетілдіру және енгізу.

Геофизикалық зерттеулер институтының маңызды ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымы бар, олар: 17 стационарлық станция (сейсмикалық, инфрадыбыстық, магниттік), Деректер орталығы, спутниктік байланыс арналары мен ғылыми-зерттеу зертханаларын қамтитын цифрлық деректерді жинаудың телекоммуникациялық желісі.

Институт Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) (1996 ж., ратификацияланған жылы – 2001 ж.);

ЯСЖТШ-ға қолдау көрсету үшін халықаралық мониторинг объектілерінде сертификаттаудан кейінгі іс-шараларды қоса алғанда іс-шаралар өткізу туралы келісім (2004 ж., ратификацияланған жылы – 2007 ж.);

«Қазақстанда ядролық сынақтарды бақылайтын сейсмикалық станцияларды орнату және пайдалану туралы» атқарушылық келісім (1997 ж., шатырлық келісімнің ратификацияланған жылы – 2009 ж.);

ҚР мен РФ арасындағы «Ядролық қаруды сынау және олардың өткізілмеуін бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы» келісім (1994 ж.) сияқты Қазақстан Республикасындағы ядролық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау туралы негізгі халықаралық шарттар мен келісімдер бойынша елдің ғылыми-техникалық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін жалғыз ұйым болып табылады.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған құжаттарды қолдау үшін АҚШ-тың IRIS сейсмологиялық университеттер корпорациясымен келісім, Францияның Атом энергиясы жөніндегі комиссариатымен Ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум және норвегиялық NORSAR орталығымен ғылыми ынтымақтастық туралы келісім орындалуда.

Generic placeholder image

Березин Сергей Анатольевич

заместитель ген. директора

P: +7 (722-51) 3-47-50

berezin@nnc.kz


Ресми сайты:: https://www.igr.kz/

Мекен жай: 0071100, Қазақстан, Курчатов қ., площадка Меридиан,
Телефон: (72251) 33742, 34777, 32542,
факс (72251) 33422,