23 қазан 2026


2026 жылғы 12-16 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы «Изотоптық гидрология саласындағы зерттеулерге арналған далалық өлшеулер» тақырыбы бойынша өңірлік оқу курсына қатысты. Бұл оқыту Рабат қаласында (Мальта) RER7017 «Климат өзгерген жағдайда су ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету» техникалық ынтымақтастық жобасының шеңберінде өтті.
Курс бағдарламасы изотоптық технологияларды қолдана отырып, жерасты суларын зерттеудің заманауи әдістерін, гидрогеологиялық мониторингті, жерасты суларының жасы мен сапасын бағалауды, сондай-ақ олардың ластану көздерін анықтауды қамтыды.
Практикалық бөлім бойынша далалық зерттеулер жүргізу, изотоптық талдау үшін су сынамаларын алу әдістемелерін зерделеу, мониторинг пункттеріне бару және жерасты суларындағы радон-222 мөлшерін өлшеуге арналған арнайы жабдықтармен танысу ұйымдастырылды.
Оқу курсына қатысу ҚР Ұлттық ядролық орталығының изотоптық гидрология саласындағы кәсіби құзыретін дамытуға және су ресурсын зерттеудің заманауи әдістерін қолдануға ықпал етеді.
23 қазан 2026
22 қазан 2026
21 қазан 2026
19 қазан 2026