19 қазан 2026



12–15 қазанда «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалының Арнайы сейсмологиялық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының қызметкерлері Vs30 параметрін өлшеу және талдау бойынша оқудан өтті.
Vs30 параметрі топырақтың жоғарғы қабаттарындағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығын сипаттайды. Бұл дерек, әсіресе, маңызды объектілерді жобалау кезінде құрылыс алаңының ерекшеліктері мен жер сілкінісінің ықтимал әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Оқыту курсына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Армения елдерінің мамандары қатысты. Қатысушылар әдістің теориялық негізін зерделеп, Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығы аумағында далалық өлшеулер жүргізді және алынған ақпаратты заманауи жабдықтарды пайдалана отырып өңдеу әдістерін меңгерді.
Жаңа білім ҚР ҰЯО-ның сейсмикалық аудандастыру, топырақ ерекшеліктерін зерттеу және құрылыс алаңдарының сейсмикалық қауіпсіздігін бағалау саласындағы мүмкіндіктерін арттырмақ.
Курсты Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ISTC) пен Лоуренс Ливермор атындағы ұлттық зертхана (Lawrence Livermore National Laboratory, LLNL) ұйымдастырды.
16 қазан 2026
16 қазан 2026
14 қазан 2026
12 қазан 2026