14 қазан 2026
2026 жылғы 12–14 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Muroosystems Corporation, NUKEM Technologies компанияларының және Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) өкілдері келді.
Сапар барысында делегация ҚР ҰЯО қызметімен және оның ғылыми-техникалық әлеуетімен танысты. Жұмыс кездесулерінде тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Меморандум мен Жол картасын іске асыру жөніндегі практикалық қадамдар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреттерін дамыту» жобасының тұжырымдамасы мәселелерін талқылады.
Тараптардың жобаға қатысуының ықтимал бағыттары мен форматына, сондай-ақ оны одан әрі пысықтау жөніндегі келесі іс-қимылға ерекше назар аударылды.
12 қазан 2026
09 қазан 2026
07 қазан 2026
05 қазан 2026