05 қазан 2026


Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мамандары Қытайдың Үрімші қаласында өткен Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністері жөніндегі ХІІ халықаралық симпозиумға қатысты.
Халықаралық алаң Қытай, Орталық Азия елдері және басқа да мемлекеттердің ғалымдарын біріктіріп, сейсмикалық қауіпсіздік, табиғи процестерге мониторинг жүргізу және табиғи апаттардың қаупін азайту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Симпозиумға ҚР ҰЯО атынан Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығы директорының орынбасары Айдын Мұқамбаев қатысты. Ол өз баяндамасында Тянь-Шаньның биік таулы мұздықтарындағы сейсмикалық белсенділікті зерттеу нәтижесі жайлы баяндады.
ҚР ҰЯО мамандары сейсмологиялық және инфрадыбыстық бақылау нәтижесін пайдалана отырып, мұздық процестеріне бірнеше парамет бойынша мониторинг жүргізеді. Бұл тәсіл мұздықтардың динамикасын зерттеуге, мұз массаларының бұзылу процестерін тіркеуге және олармен байланысты мұз-тас опырылымдары, көшкін және сел сияқты табиғи қауіп-қатерді ағалауға мүмкіндік береді.
Таулы өңірлер үшін мұндай зерттеулердің маңызы ерекше: бір табиғи процесс бірнеше қауіпті құбылыстың қатар туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан биік таулы аумақтарға кешенді мониторинг жүргізу және елдер арасында ғылыми дерек алмасу табиғи қауіп-қатерді бағалау жұмыстарының маңызды бөлігіне айналып отыр.
Ұлттық ядролық орталықтың халықаралық симпозиумға қатысуы Қытай және Орталық Азия елдерімен сейсмология және табиғи қауіп-қатерді мониторингілеу бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсті.
02 қазан 2026
02 қазан 2026
30 қыркүйек 2026
28 қыркүйек 2026