20 қараша 2026



2026 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен
«С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат ғылым және білім беру саласындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылды дамытуға, білікті мамандарды даярлауға, сондай-ақ ғылыми ұйым мен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Меморандум бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуды, білім беру және ғылыми-техникалық жобаларға қатысуды, тәжірибе мен сараптамалық білім алмасуды көздейді. Студенттердің кәсіптік практикасы мен тағылымдасын ұйымдастыруға, жас мамандарды зерттеу жұмыстарына тартуға, сондай-ақ конференциялар, семинарлар және басқа да ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізуге ерекше назар аудару жоспарланды.
Ынтымақтастық аясында ҚР ҰЯО РМК-нің ғылыми-техникалық әлеуеті мен университеттің білім беру мүмкіндіктері ұштастырылып, сұранысқа ие кадрды даярлауға және перспективалы зерттеулерді жүзеге асыруға жол ашылады.
Меморандумға қол қою серіктестік қатынасты дамыту және білім беру, ғылым мен практикалық қызметті интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадам болды.
17 қараша 2026
13 қараша 2026
12 қараша 2026
06 қараша 2026