Ұлттық ядролық орталық пен Қазатомөнеркәсіп радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелерін талқылады


06 қараша 2026

2026 жылғы 4–6 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.

Сапардың негізгі мақсаты – 2026 жылғы 7 шілдеде қабылданған «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың практикалық мәселелерін талқылау.

Жаңа заңда радиоактивті қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді қоса алғанда, олармен жұмыс істеудің бірыңғай ұлттық жүйесін қалыптастыру көзделген. Осы саладағы ұлттық оператордың функциялары ҚР ҰЯО РМК-ге жүктелген.

Талқылау барысында ұлттық оператордың атом саласының кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жүргізу, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің ұйымдастыру тетіктерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҚР ҰЯО РМК мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы өзара іс-қимылды дамыту радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің ұлттық жүйесін қалыптастыру және Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

экологическая безопасность РАО