Қазақстан – Беларусь ынтымақтастығын дамыту


27 қазан 2026

2026 жылғы 27 қазанда Минск қаласында Energy Expo халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі Беларусь ұйымы (БелРАО) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚР ҰЯО РМК бас директоры Ғұмар Серғазин мен БелРАО директоры Михаил Кисель қол қойды.

Меморандум қос ұйымның радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өзара іс-қимылының негізін қалайды. Тараптар тәжірибе мен ақпарат алмасуды, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды, бірлескен консультациялар, семинарлар өткізуді және мамандардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Құжатқа қол қою Қазақстан мен Беларусь арасындағы атом саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды және РАҚ-пен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы құзыреттерді арттыруға ықпал етпек.

международное сотрудничество Меморандум