30 қазан 2026



Радиоактивті қалдықтардың көлемін қалай азайтуға және оларды сақтау қауіпсіздігін қалай арттыруға болады? Бұл сауалға ҚР ҰЯО РМК-нің Ташкент қаласында «Ядролық қызметтің алдыңғы кезеңдерінен қалған ядролық реакторларды пайдаланудан шығару технологияларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар» зерттеу жобасы бойынша өткен үшінші үйлестіру кеңесінде таныстырылған зерттеулер арқау болды.
ҚР ҰЯО РМК бас директорының орынбасары Ерболат Қоянбаев БН-350 реакторының сұйық радиоактивті қалдықтарын қайта өңдеу технологиясын әзірлеу нәтижелері туралы баяндады. Ұсынылып отырған тәсіл қалдықтарды ақпайтын күйге ауыстыруды және кейіннен ұнтақты металлургия әдістерімен тығыздауды көздейді. Бұл олардың көлемін едәуір азайтып, одан әрі қауіпсіз сақтауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Кездесу МАГАТЭ-нің ядролық реакторларды пайдаланудан шығару технологияларын жетілдіруге арналған жобасы аясында өтті. Қатысушылар зерттеу нәтижелерін талқылап, тәжірибе алмасты және Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ядролық физика институтының эксперименттік базасымен танысты.
Мұндай бірлескен жобалар әртүрлі елдердің ғылыми әлеуетін біріктіруге және атом саласын дамытудың алдыңғы кезеңдерінен қалған ядролық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеудің практикалық шешімдерін табуға ықпал етеді.
27 қазан 2026
27 қазан 2026
23 қазан 2026
23 қазан 2026