06 қараша 2026



2026 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында мүдделер қақтығысын анықтау, оның алдын алу және реттеу мәселелеріне арналған дәріс өткізілді.
Дәрісті Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының комплаенс жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов өткізді.
Кездесу барысында мүдделер қақтығысының негізгі түрлері, оны уақтылы анықтау және алдын алу тәсілдері, сондай-ақ белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілік мәселелері қаралды.
Кәсіби қызмет барысында туындауы мүмкін практикалық жағдайларға, атап айтқанда, жақын туыстардың бір-біріне тікелей қызметтік бағынысты болуына, мемлекеттік сатып алуға қатысуына және өзімен байланысты адамдарға қатысты шешім қабылдауға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар сұрақтарын қойып, нақты жағдай бойынша жауаптарын алды.
Мұндай іс-шаралар жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби әдеп, ашықтық және адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
30 қазан 2026
27 қазан 2026
27 қазан 2026
23 қазан 2026