Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Қытайдың Оңтүстік-Батыс физика институты термоядролық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде


13 қараша 2026

2026 жылғы 10-13 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Қытайдың Оңтүстік-Батыс физика институты (Southwestern Institute of Physics (SWIP) бас директорының орынбасары
Фэн Юнцзинь бастаған делегация келді.

Бұл сапар ҚР ҰЯО РМК мен SWIP арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде өтті және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша практикалық қадамдарды жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасын құруға бағытталды.

Басты назарда басқарылатын термоядролық синтез саласындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ КТМ және HL-3 токамактарында эксперименттер жүргізу болды.

Бағдарлама аясында Қытай мамандары болашақта бірлескен зерттеулер жүргізілетін ҚР ҰЯО РМК-нің эксперименттік базасына, соның ішінде КТМ токамагына, «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешеніне, материалтану зертханалары мен кәсіпорынның басқа да ғылыми объектілеріне барды.

Ұлттық ядролық орталықтың термоядролық синтез, реакторлық технологиялар, материалтану және ядролық қауіпсіздік салаларындағы бірегей эксперименттік инфрақұрылымы мен көпжылдық зерттеу тәжірибесі, ал SWIP ұйымының плазма физикасы, ірі термоядролық қондырғыларды жасау және пайдалану, сондай-ақ ғылыми-техникалық кадр даярлау салаларында елеулі құзыреттері бар.

Екі ұйымның ғылыми әлеуеті мен практикалық тәжірибесін біріктіру бірлескен эксперименттер жүргізуге, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және мамандардың жаңа буынын даярлауға негіз болады.

международное сотрудничество институт физики КНР