12 қараша 2026


9–13 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) мамандары ИГР зерттеу реакторының жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын қайта қаптау процесінің негізгі технологиялық компоненттерінің бірі – радиациялық қорғау боксының зауыттық қабылдау сынақтарына қатысты.
Радиациялық қорғау боксын Isotope Technologies Dresden компаниясы (ITD, Дрезден қаласы, Германия) жобалап, дайындаған.
Сынақ барысында жабдықтың техникалық және функционалдық сипаттамаларын бағалауға бағытталған ауқымды тексерулер жүргізілді. Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша бокстың техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігі расталды.
Зауыттық қабылдау сынақтарының сәтті аяқталуы жабдықты ИГР зерттеу реакторы кешенінде одан әрі пайдалануға дайындаудың маңызды кезеңі болып саналады.
Келесі кезеңдерде жабдықты бөлшектеу, қаптау және Қазақстанға тасымалдау жұмыстары жүргізіліп, радиациялық қорғау боксы ИГР кешенінде түпкілікті құрастырылып, монтаждалады.
06 қараша 2026
06 қараша 2026
30 қазан 2026
27 қазан 2026