17 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды. Кеңестің қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған.
Сараптамалық кеңестің жұмысына зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының мүдделі ғалымдары мен мамандары қатысуға шақырылады.
Ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстары мен бастамалары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелерін қамтуы мүмкін.
Ұсыныстарды әзірлеу кезінде нақты проблеманы айқындап, тиісті негіздемесін келтіру және қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуді қоса алғанда, оны шешудің ықтимал жолдарын ұсыну қажет.
Ұсыныстар мен бастамалар Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызмет» – «Сараптамалық кеңестер» бөлімі арқылы жолданады. Аталған бөлімде Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитетті және тиісті бағытты таңдау қажет.
13 қараша 2026
12 қараша 2026
06 қараша 2026
06 қараша 2026