10 шілде 2026


Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістерге арналған түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу қатысушыларына Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII Заңымен енгізілген негізгі өзгерістер туралы ақпарат берілді. Жаңа нормалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мүдделер қақтығысын реттеу тетіктерін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің рөлін арттыруға және квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кездесу барысында мүдделер қақтығысының жаңа түрлеріне, оны уақтылы анықтау және реттеу бойынша жұмыскерлердің міндеттеріне, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезіндегі шектеулерге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікке қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында мүдделер қақтығысының туындауына байланысты практикалық мысалдар қарастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Мұндай іс-шаралар жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық мәдениетін қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
09 шілде 2026
08 шілде 2026
03 шілде 2026
02 шілде 2026