02 шілде 2021
ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының «В» жұмыс тобының төрағасы, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбековтің бастамасы бойынша ЯСЖТШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ресми өкілдерімен және «B» тобының міндеттер жетекшілерімен (Task Leaders) бірқатар онлайн кездесулер өтті.
Қаралатын негізгі мәселелер «В» жұмыс тобының биылғы жылғы тамызда өтетін алдағы 57-сессиясының форматы мен күн тәртібі болды.
Кездесуге қатысушылар өткізілген пікірталастардың өнімділігі мен олардың уақтылығын атап өтіп, «B» жұмыс тобының төрағасына консультацияларды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
03 шілде 2026
02 шілде 2026
25 маусым 2026
19 маусым 2026