24 қыркүйек 2026


23 қыркүйекте Ұлттық ядролық орталықта кадр бөлімінің қызметкерлеріне арналған жеке мүдде декларациясы мәселесі бойынша түсіндіру мақсатындағы онлайн-семинар өтті.
Семинар барысында декларация тапсыруға міндетті жұмыскерлер санаты, оны толтыру және ұсыну мерзімі мен тәртібі қаралды.
Қатысушыларға декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер, соның ішінде мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғуы мүмкін жеке мүдде мен жағдайлар туралы түсініктеме берілді.
Ықтимал мүдделер қақтығысын уақтылы ашып көрсетуге және ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығына ерекше назар аударылды.
Семинарды өткізу жұмыскерлердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
06 қараша 2026
06 қараша 2026
30 қазан 2026
27 қазан 2026