Біздің мақсатымыз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты – ҚР ҰЯО РМК мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.
Негізгі міндеттері:
- ҚР ҰЯО РМК мен оның жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
- ҚР ҰЯО РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- ҚР ҰЯО РМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
- Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- ҚР ҰЯО РМК ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Қағидаттары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
- басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер қызметінің ақпараттық ашықтығы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің тәуелсіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін үнемі арттыру.
Байланыс ақпараты
Сенім телефоны: +7 72251-3-33-33, ішкі нөмір 3-14
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2 Б
Эл. пошта: kasenova@nnc.kz
Сенім жәшігі Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2 Б мекенжайында орналасқан.
Егер сіз "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК қызметінде мынадай мән-жайлардың куәсі немесе құрбаны болдым деп есептесеңіз; Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – ҚР ҰЯО РМК):
- дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және жымқыру фактілері туралы;
- бақылау (қадағалау), сатып алу рәсімдерін жүргізу кезіндегі бұзушылықтар туралы;
- лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс пайдалануы және өкілеттіктерін асыра пайдалануы туралы;
- ҚР ҰЯО РМК материалдық залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің электронды поштасына жаза аласыз hotline@atom.gov.kz электрондық поштасына жаза аласыз.
Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.
Анонимді өтініштер (өтінішті жіберген адамның аты-жөні көрсетілмесе) қаралмайды.
Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз.