1993 жылы № 52605 әскери бөлімінің ғылыми-зерттеу бөлімшелері мен ҚР ҰЯО-ның радиоэкологиялық бөлімшелері негізінде құрылды.
Институт қызметінің стратегиялық бағыттары:
• бұрынғы Семей сынақ полигонының және оған іргелес аумақтардың, сондай-ақ басқа да ядролық сынақ орындарының проблемаларын түбегейлі шешу;
• радиоэкология саласындағы ғылыми зерттеулер;
• жұмыс орындарына, техника мен жабдықтарға радиациялық бақылау жүргізу, жеке дозиметриялық бақылау;
• биодозиметрия әдістерін дамыту;
• ҚР радиациялық қауіпті объектілерінің жай-күйі туралы мемлекеттік органдар мен халықты өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүйесін құру және дамыту;
• ҚР радиациялық қауіпті объектілерін қауіпсіз күйге келтіру бойынша практикалық іс-шараларды жүзеге асыру.
Зерттеулердің ең маңызды нәтижелері 2008–2021 жылдар аралығында бұрынғы Семей сынақ полигоны (ССП) аумағын кешенді радиоэкологиялық зерттеу жұмыстары барысында алынды.
Қазіргі уақытта ССП-ға іргелес аумақтарды кешенді радиоэкологиялық зерттеулер, оның ішінде қоршаған орта мен халыққа әсер ететін радиациялық әсерді бағалау, сондай-ақ радиоэкологиялық жағдайды қалыпқа келтіру және жалпы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ғылыми негіздеу, әзірлеу және практикалық іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Институт қызметінің маңызды бағыттарының бірі – бұрынғы ССП аумағындағы радиациялық қауіпті учаскелерде қоршаған ортаның жай-күйін мониторингілеу жүйесін құру. Мониторингілеудің мақсаты – гамма-сәуле шығарудың эквивалентті дозасы қуатының деңгейін бақылау, радиациялық қауіпті аумақтар шекарасындағы радиациялық жағдайды бағалау үшін жер үсті және жер асты суларындағы, ауадағы, топырақ пен өсімдіктердегі техногендік радионуклидтердің құрамын бақылау.
Институт зертханалары қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінде гамма-сәуле шығаратын техногендік және табиғи радионуклидтердің, бета-сәуле шығаратын радионуклидтердің, сондай-ақ жиынтық альфа және жиынтық бета-белсенділіктің меншікті белсенділігін анықтау саласында аккредиттелген.
Институт республикалық және халықаралық ұйымдармен: Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АТЭХАГ), Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО), НАТО, сондай-ақ АҚШ, Жапония, РФ және басқа елдердің зерттеу зертханаларымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жыл сайын радиоэкология және радиобиология мәселелері бойынша республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда баяндалады. Институт базасында «Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және таратпау мәселелері» атты Халықаралық конференция тұрақты түрде өткізіледі. Институт қызметі басталғаннан бері 900-ден астам ғылыми жарияланым, оның ішінде рейтингі жоғары ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланды.
Ғылыми жұмыстардан бөлек, Радиациялық қауіпсіздік және экология институты қызметінің маңызды бағыттарының бірі – атом энергиясын пайдаланумен байланысты мамандар мен персоналды арнайы даярлау, оның ішінде ионды сәуле шығару көздерін пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру секілді екі тақырыптық бағыт: «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғау және қауіпсіздік» және «Ядролық немесе радиологиялық төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша персоналды арнайы даярлау» бойынша жүзеге асырылады.
радиациялық қауіпсіздік және экология институты
P: +7 (72251) 3-34-13
Официальный сайт:http://irse.nnc.kz/
Email: irbe@nnc.kz
ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы Бейбiт Атом к-сі, 2