16 маусым 2026

ҚР ҰЯО РМК комплаенс-офицері жұмыскерлер арасында кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және комплаенс-бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру шеңберінде жүргізілген аноним сауалнама қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын ұйымдастырды.
Кездесу барысында сауалнама нәтижесі қаралып, комплаенс-офицердің байланыс деректерін беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша өтініш беру тәртібі және іскерлік әдеп нормаларын сақтау жөнінде жұмыскерлерді қосымша ақпараттандыру қажет екені белгілі болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің функциялары, қолданыстағы кері байланыс арналары мен қызметкерлер жүгінген жағдайда құпиялылыққа кепілдік берілетіні жайлы түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық мәдениетін дамытуға және кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық қауіпінің алдын алу жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
12 маусым 2026
11 маусым 2026
05 маусым 2026
04 маусым 2026