27 қазан 2026

2026 жылғы 22-24 қазан аралығында Кушадасы қаласында (Түркия) Ядролық ғылымдар мен технологиялар жөніндегі INSTEC 2026 халықаралық конференциясы (International Nuclear Sciences and Technologies Conference) өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының маманы «Қазақстан Республикасының далалық аймағы топырақтарында жасанды радионуклидтерді анықтау формалары» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Зерттеу ҚР ҒЖБМ-нің гранттық қаржыландыру жобасы – АР26194435 «Қазақстан Республикасының далалық табиғат аймағының топырақ-өсімдік жамылғысындағы жасанды және табиғи радионуклидтердің фондық деңгейі мен миграциялық қабілетін бағалау» аясында орындалды.
Конференция әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдар мен мамандардың басын қосты. Бағдарламада ядролық энергетика, ядролық физика және технологиялар, ядролық медицина, радиациялық қауіпсіздік және қорғау, радиобиология, радиоэкология, нанотехнологиялар және басқа да сабақтас бағыттар бойынша өзекті мәселелер қамтылды.
44 жылдық тарихы бар INSTEC халықаралық конференциясы ғылыми және технологиялық білім алмасуға, зерттеу нәтижелерін талқылауға, университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң болып саналады. Мұндай конференцияға қатысу кәсіби байланысты нығайтып, бірлескен болашақ зерттеулердің негізін қалыптастыруға ықпал етеді.
27 қазан 2026
23 қазан 2026
23 қазан 2026
22 қазан 2026