12 қазан 2026


Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 7–28 қазан аралығында Жапонияның Токай қаласында өтіп жатқан ядролық және радиологиялық авариялық жағдайларға дайын болу және ден қою бойынша нұсқаушыларды даярлауға арналған халықаралық курсқа (Nuclear and Radiological Emergency Preparedness – NREP) қатысып жатыр. Курста сегіз елден, оның ішінде Қазақстан, Бангладеш, Индонезия және Малайзиядан келген мамандар бас қосты.
Курсты ұйымдастырушы – Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің (JAEA) Ядролық қаруды таратпау, ядролық қауіпсіздік және адами ресурстарды дамыту саласындағы интеграцияланған қолдау орталығы (ISCN).
Қатысушылар радиациялық қорғаныс, сәулелену дозаларын бағалау, радиациялық мониторинг жүргізу және авариялық жағдайларға ден қою мәселелерін зерделейді.
Бағдарлама аясында практикалық сабақтар, модельдеу жаттығулары, тәжірибе алмасу және оқыту дағдысын дамыту, сондай-ақ Жапонияның бейінді объектілеріне, соның ішінде «Фукусима-Дайни» атом электр станциясына, JAEA-ның Ядролық авариялық жағдайлар бойынша көмек көрсету және даярлау орталығына (NEAT), Ибараки префектурасының Радиациялық ахуалды мониторингілеу орталығына және басқа да жерлерге бару көзделген.
Жапония тәжірибесімен танысу және халықаралық практика алмасу кәсіби білімді кеңейтуге мүмкіндік береді. Алынған білім мен тәжірибені ҚР ҰЯО РМК-нің ғылыми және оқу қызметінде пайдалану жоспарланған.
09 қазан 2026
07 қазан 2026
05 қазан 2026
02 қазан 2026