07 қазан 2026


Ұлттық ядролық орталықта зерттеу реакторларын конверсиялау жұмыстары жалғасып жатыр. Маңызды бағыттардың бірі – ИГР реакторының жоғары байытылған уран отынын қауіпсіз түрде қайта қаптау және қайта өңдеу.
Осы жұмыстарды жүргізу үшін радиациялық қорғау боксы бар арнайы учаске құрылып жатыр. Оның ішіне италиялық Sideros Engineering компаниясы шығарған жүк көтергіштігі 1,25 тонналық L-позиционер орнатылады. Жабдық ЖБУ отынын цилиндр контейнерлерден қауіпсіз алып шығуға арналған.
21–25 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО мамандары Sideros Engineering компаниясының өкілдерімен және АҚШ Энергетика министрлігінің ұлттық зертханаларының мамандарымен бірлесіп, жабдықты монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың барысында L-позиционер сынақтан өткізіліп, персонал оны пайдалану қағидаларын меңгерді.
Жаңа жабдықты монтаждау және сынақтан өткізудің басты міндеті – ИГР реакторының ЖБУ отынымен технологиялық операциялардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету. Дәл осындай дәйекті практикалық қадамдар Ұлттық ядролық орталықтың зерттеу реакторларын конверсиялау жөніндегі ауқымды жұмыстың негізін қалайды.
05 қазан 2026
02 қазан 2026
02 қазан 2026
30 қыркүйек 2026