20 наурыз 2026

Қымбатты достар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!
Ғасырлар бойы Наурыз – күн мен түн теңелетін, жаңа өмір мен тыныс-тіршіліктің бастауы, бірлік пен ізгі үміттің символы болып келеді. Бұл мейрам өзара сыйластық, мейірімділік, жақсылық жасау сияқты құндылықтарды әрдайым біздің есімізге салып отырады.
Биыл Қазақстан Наурыз мейрамын маңызды өзгерістер қарсаңында тойламақ. Бүгінде еліміз өзінің даму жолындағы айтулы кезеңнен өтуде: конституциялық өзгерістер мемлекет тарихының жаңа парағын ашып, алдағы уақытта әділ әрі заманауи Қазақстанның іргетасын нығайтуға мүмкіндік бермек.
Бүгінгі мереке әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке ала келсін, жүрегімізді жақсы ойға, болашаққа деген сенімге толтырсын, бойымызды күш-қуатқа, шабытқа бөлесін! Сіздерге және туған-туыстарыңызға мықты денсаулық, зор бақыт, мол табыс және татулық тілеймін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
19 наурыз 2026
11 наурыз 2026
10 наурыз 2026
06 наурыз 2026