Радиациялық экотоксикология саласындағы тағылымдама


27 мамыр 2025

ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары Қазақстанның, сондай-ақ шетелдің жетекші ғылыми мекемелерінде оқу оқып, тағылымдамадан өту арқылы ғылыми әлеуетін нығайтуды жалғастырып жатыр.

Мамандардың тағылымдамасы 2025 жылғы 9-25 мамыр аралығында Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институтында (Обнинск қ.) өткізілді. Оқыту ауылшаруашылық өсімдіктерінің радиобиологиясы және экотоксикология зертханасында биология ғылымдарының докторы, профессор С. А. Гераськиннің жетекшілігімен өтті. Зертхана өсімдік популяцияларының техногендік ластану деңгейіне бейімделу механизмін зерттеу, өсімдіктердің иондаушы сәулеленудің, ауыр металдардың әсеріне молекулалық реакциясын, төмен дозалардың биологиялық әсерінің қалыптасу заңдылығын зерттеу үшін жоғары өнімді молекулалық биология әдістерін қолдануға маманданған.

Бағдарлама аясында өсімдіктегі тотығу стрессінің маркерлерін анықтаудың заманауи әдістері, сондай-ақ төмен молекулалы антиоксиданттар мен антиоксидантты ферменттердің белсенділігін сандық бағалау әдістері игерілді.

Алынған білім мен практикалық дағды Қазақстанда радиациялық экология және өсімдіктің молекулалық генетикасы саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етпек, сондай-ақ Ұлттық ядролық орталықтың қазіргі және перспективалық жобаларында қолданылмақ.

радиоэкология международное сотрудничество Стажировка радиационная экотоксикология