XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі


27 Қазан 2017

Росатом корпоративтік академиясының шақыруы бойынша қазақстандық делегация 2017 жылғы қазанда Сочи қаласында өткен ХІХ Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне қатысты. Қазақстандық делегация құрамына Қазатомөнеркәсіп, Ұлттық ядролық орталық, Қазақстанның ядролық қоғамы, Ядролық физика институты және Үлбі металлургия зауытының өкілдері кірді. Ұлттық ядролық орталықтың атынан ғылыми қызметкер Мақсат Бекмолдин қатысып қайтты.

Қазақстандық делегацияның бағдарламасы өте мазмұнды болды. «Болашақ индустриясы» ғылыми-білім беру бағдарламасы шеңберінде делегация мүшелері өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар және энергетика салаларын дамытудың жаһандық үрдістері мен мәселелерін талқылауға қатысты. Трансұлттық компаниялардың топ-менеджерлерімен, Ресей және шет елдердің технологиялық көшбасшылармен пікір алмасу өткізілді. Пікір алмасу адам, қоғам, технологиялар, ғарыш, табиғат, мәдениет, экономика тақырыптары бойынша және болашақтың пайымдауын қалыптастыруға арналған идеялар мен бағыттарда жүргізілді. Пікір алмасу форматы топтық жобалаудан бастап жеке сөз таластыруға дейін өткізілді. 

Пікір алмасу алаңдарымен қатар фестиваль қатысушылары үшін мәдени-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды.

«Біз пікір алмасу алаңдарының жұмысына белсене қатыстық. Бірақ, ең бастысы, фестивальда үстемдік еткен достық пен өзара түсіністік ахуалы бізге көптеген жаңа достар табуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Мақсат Бекмолдин.

международное сотрудничество молодые ученые и специалисты