ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының 56-шы сессиясы


24 маусым 2021

ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков – ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының «B» жұмыс тобының төрағасы 2021 жылғы 21-23 маусымда Вена қаласында өткен Дайындық комиссиясының 56-сессиясында баяндама ұсынды.

Баяндамада 2020-2021 жылғы жұмыс нәтижелері және 2021 жылдың наурыз айында өткізілген «B» тобы сессиясында талқылау барысында қалыптастырылған ұсынымдар туралы айтылды.

Есепті ЯСЖТШ-ға қатысушы елдердің делегациялары қабылдады. «В» тобының алдағы 57-ші сессиясының ойдағыдай жұмыс істеуі үшін Сovid-19 пандемиясы кезінде еріксіз енгізілген «В» тобының жұмыс форматы бойынша қосымша бейресми консультациялар өткізу қажеттігі туралы пікірлер айтылды.

Жұмыс сапары барысында ЯСЖТШҰ-ның қазіргі күн тәртібі бойынша Атқарушы хатшы Лассина Зербо, Дайындық комиссиясы хатшылығының басшылығымен, сондай-ақ ЯСЖТШ-ға қатысушы бірқатар елдердің халықаралық ұйымдары жанындағы Елшілермен және Тұрақты өкілдерімен жеке консультациялар мен пікір алмасу өткізілді.

ОДВЗЯИ