28 тамыз 2020

Құрметті әріптестер!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды.
Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілеймін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
05 қазан 2026
02 қазан 2026
02 қазан 2026
30 қыркүйек 2026