09 шілде 2026



Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының делегациясы Германияда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жетекші бейінді ұйымдармен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
Жұмыс сапарының негізгі іс-шарасы 2025 жылы қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша NUKEM Technologies Engineering Services GmbH компаниясымен өткен келіссөздер болды. Тараптар радиоактивті қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кондициялауды қоса алғанда, олармен жұмыс істеудің заманауи технологияларын енгізу тәсілдерін талқылап, осы саладағы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі жол картасының тармақтарын жан-жақты қарастырды.
Сапар барысында Германияның Радиоактивті қалдықтарды көму жөніндегі федералдық қоғамының (BGE) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Бұл ұйым радиоактивті қалдықтарды көму объектілерін құруға және пайдалануға жауапты. Кездесу барысында РАҚ көму орындарын жобалау тәсілдеріне, заманауи инженерлік шешімдерге, сондай-ақ Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды түпкілікті оқшаулау жүйесін қалыптастыруда Германияның озық тәжірибесін қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Бұл кездесулердің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің ұлттық жүйесін жетілдіру тұрғысынан маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» жаңа Заңының қабылдануы оларды қауіпсіз сақтау мен көмудің заманауи инфрақұрылымын дамытуға құқықтық негіз қалайды. Осыған байланысты халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және әлемдік озық тәжірибелерді зерделеу Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің тиімді әрі қауіпсіз жүйесін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026