05 маусым 2025
Қоршаған ортаны қорғау саласының мамандарын, экологтар мен белсенділерді кәсіби мерекесімен және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын!
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының мамандарына бұрынғы Семей сынақ полигоны мен Қазақстанның басқа да объектілерінің аумағындағы радиациялық және экологиялық қауіпсіздік мәселесін ойдағыдай шешкені үшін ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – ғылым ғана емес, сонымен қатар қоғам мен келер ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Кәсіби жолдарыңыз тың жетістікке толы болсын!
Бәріңізге зор денсаулық, амандық, маңызды жобаларды жүзеге асыруда сәттілік пен шабыт тілеймін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
05 маусым 2025
05 маусым 2025
30 мамыр 2025
29 мамыр 2025