08 мамыр 2025

Құрметті әріптестер!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!
Бүгінгі айтулы күні ел шебін қорғаған батыр ата-бабамыздың өшпес ерлігін зор құрметпен және ризашылықпен еске аламыз. Бейбіт заман үшін қан майданда күресіп, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен барша жанның жарқын бейнесі алдында бас иеміз.
Ұлы Жеңіс мәңгілік ел жадында сақталып, игі іске, бейбітшілікке жетелей берсін!
Сіздерге және туған-туыстарыңызға ашық аспан, мықты денсаулық, бақытты да берекелі өмір тілеймін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
03 шілде 2026
02 шілде 2026
25 маусым 2026
19 маусым 2026