18 сәуір 2025




ҚР Ұлттық ядролық орталығында Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығының делегациясымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық бағыттарын талқылап, екі жақтың ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік қызметінің өзекті мәселелері бойынша жобалар мен бағдарламаларды бірлесіп іске асыруды, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыруды, кадр біліктілігін арттырып, қайта даярлауды және басқа да мәселені көздейтін меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қою медицинада ядролық технологияны қолдану саласындағы әріптестікті нығайту және бірлескен ғылыми-практикалық бастамаларды дамыту жолындағы маңызды қадам болды.
02 сәуір 2026
20 наурыз 2026
20 наурыз 2026
19 наурыз 2026