25 қыркүйек 2026




ҚР Ұлттық ядролық орталығының өкілдері бірден бірнеше жүлделі орынға ие болды!
Аймақтық эссе және бейнероликтер конкурсында 1-орынды Айдана Сәрсенова, Анастасия Надеева және Лаура Советқанова иеленді. Олар «Семей полигоны: қауіпсіз болашақ жолындағы тарих тағылымы» тақырыбында бейнеролик ұсынды. Жұмыс шын мәнінде мазмұнды әрі әсерлі шыққан. Онда тарихи жады да, болашаққа деген көзқарас та, кәсіби ұстаным да үйлесімді көрініс тапқан.
Өңірлік эссе конкурсында 2-орынды «Атом энергетикасы саласындағы кадр әлеуеті» тақырыбындағы жұмысымен Жанна Оспанова және «Шығармашылық аудиовизуалдық жұмыс» конкурсында Көмекбаев Дархан иеленді.
Ғылыми қызметкер Ержан Қабдылқақовтың «Орталық Азияда ядролық энергетиканы дамыту» тақырыбындағы эссесі 3-орынға ие болды.
Конкурс 23–25 қыркүйекте Семей қаласында ядролық қауіпсіздік, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық WINCA Annual Meeting – Semey Forum аясында өтті.
Форумда атом саласында еңбек етіп жүрген жастарға қолдау көрсетуге, олардың кәсіби біліктілігін дамытуға, жаңа идеяларын іске асыруға және жас мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды.
Әріптестеріміздің жеңісі құтты болсын! Біз оларды мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта тың идеялар мен сәтті жобалар, толағай табыс тілейміз!
07 қазан 2026
05 қазан 2026
02 қазан 2026
02 қазан 2026