Атом саласының қызметкерлері күні құтты болсын!


28 қыркүйек 2026

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

Кәсіби өмірін атом саласымен байланыстырып отырған баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Қазіргі уақытта Қазақстанның атом саласы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Оларды шешу жоғары кәсіптік шеберлікті, жауапкершілікті, заманауи білімді және ғалымдар мен инженерлердің, сондай-ақ әртүрлі бағыттағы мамандардың күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Ұлттық ядролық орталық үшін бұл кәсіби мерекенің маңызы ерекше зор. Кәсіпорнымыз отыз жылдан астам уақыт бойы еліміздің атом саласының қауіпсіздігімен тікелей байланысты міндеттерді атқарып келеді. Жинақталған ғылыми тәжірибе, зерттеулердің нәтижесі мен қалыптастырылған эксперименттік инфрақұрылым бүгінде жаңа мәнге ие болып, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту бойынша отандық ғылымның алдына қойылған ауқымды міндеттерді атқарудың берік негізіне айналып отыр. Бұл жұмыста Ұлттық ядролық орталық тек ғылыми-зерттеу ұйымы ретінде ғана емес, күрделі технологиялық шешімдерді ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті білікті орталық ретінде де маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар кез келген ғылыми әлеует ең алдымен адамдармен айқындалады. Ұлттық ядролық орталықтың қол жеткізген жетістіктерінің артында көптеген ғалымдардың, инженерлер мен мамандардың еңбегі, олардың білімі, жауапкершілігі және өз кәсібіне деген адалдығы тұр. Бүгінде жинақталған тәжірибе атом ғылымы мен технологиясын әрі қарай дамытатын жаңа буын мамандар үшін берік негіз болып отыр.

Ғылыми және өндірістік әлеует, ұрпақтар сабақтастығы және өз ісіне жауапкершілікпен қарау еліміздің атом саласын одан әрі дамытуға сенімді іргетас болады деп кәміл сенеміз.

Бүгінгі мереке күні атом саласының барлық жұмыскерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, амандық, кәсіби жетістіктер тілейміз. Көздеген жоспарларыңыз сәтімен жүзеге аса берсін!

Атом саласының қызметкерлері күні құтты болсын!

поздравление День работников атомной отрасли