02 қазан 2026

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры болып Ғұмар Екпінұлы Серғазин тағайындалды.
Ғұмар Серғазиннің атом саласындағы мемлекеттік басқару бағытында мол тәжірибесі бар. Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде басшы лауазымдарды атқарды. 2017–2023 жылдары Комитет төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментін басқарды, кейін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Оның жетекшілік еткен бағыттары атом саласын дамыту, оның ішінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, ядролық-физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимін сақтау мәселелерін қамтыды.
Ғұмар Серғазиннің кәсіби қызметінде атом саласындағы халықаралық ынтымақтастық айрықша орын алады. Ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясындағы Қазақстан Республикасының ресми өкілі, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Халықаралық төмен байытылған уран банкі (IAEA LEU Bank) Үйлестіру комиссиясының тең төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы атынан МАГАТЭ-нің ұлттық үйлестірушісі (IAEA National Liaison Assistant, NLA) болып саналады.
Мемлекеттік басқару саласындағы практикалық қызметімен қатар, Ғұмар Серғазин атом саласының заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жұмыстарына да атсалысты. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы», «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы», «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заңдарын әзірлеу жұмыстарына тікелей қатысты.
30 қыркүйек 2026
28 қыркүйек 2026
25 қыркүйек 2026
24 қыркүйек 2026