ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері Атом саласы қызметкерлері күніне орай марапатталды


30 қыркүйек 2026

ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері 
Атом саласы қызметкерлері күніне орай марапатталды 

Атом саласы қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері ұзақ жылғы жемісті еңбегі, жоғары кәсіптік шеберлігі және еліміздің атом саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Көп жылғы жемісті еңбегі, атом энергетикасын дамыту жөніндегі ғылыми бағдарламаларды іске асыруға және ғылыми кадр даярлауға қосқан үлесі үшін Кривицкий П. Е., Прозорова И. В., Қожахметова Г. С., Аристова И. Л., Алпысбаев С. К. «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Тиняев С. А. «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» I дәрежелі (алтын белгі) құрмет төсбелгісіне ие болды. 

II дәрежелі (күміс белгі) төсбелгісімен марапатталғандар:  
Айдарханова А. Қ., Топорова А. В., Нигрей С. А., Шаймұхаметов Р. К., Иркимбеков Р. А., Миниязов А. Ж., Флерко И. Н., Анучин А. В., Богатырёв А. О., Наточиев Е. В.

III дәрежелі (қола белгі) төсбелгісімен марапатталғандар:
Скрипников М. В., Сысоева Е. С., Аристова Е. С., Ерёменко Е. А., Сембаев М. А., Рамазанова А. С., Кот В. Г., Құдагелдинов А., Светашов А. Н., Лазуткина С. В., Фролов З. Н., Шевляков В. В.

Сондай-ақ Ұлттық ядролық орталықтың бірқатар қызметкеріне Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, Абай облысы әкімінің, Курчатов қаласы әкімінің және ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының міндетін атқарушысының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Бұл марапат - ҚР ҰЯО РМК мамандарының кәсіби біліктілігінің, көп жылғы еңбегінің, отандық ғылым мен Қазақстанның атом саласын дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағасы.

Әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты, табыстарыңыз мол, жетістіктеріңіз көп болсын. Ұлттық ядролық орталық пен еліміздің атом саласын дамытуға бағытталған маңызды жобаларды ойдағыдай жүзеге асыруларыңызға тілектеспіз.

награждение День работников атомной отрасли