25 сәуір 2023
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы негізінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК өкілдерінің қатысуымен ядролық криминалистиканың талдамалық әдістерін қолдану жөнінде ғылыми-практикалық семинар өтті.
Қатысушылар ядролық материалды сәйкестендіру үшін ҚР ҰЯО мамандары қолданатын ядролық криминалистика әдістерімен танысып, құрамында уран бар белгісіз материалға бірлескен зертханалық зерттеулер жүргізді, зерттеулер нәтижелеріне талдау жүргізіп, есепке алынбаған ядролық материал табылған кездегі тергеудің әдеттегі сұрақтарына жауаптарды тұжырымдады.
Сарапшылар арасындағы тәжірибе алмасу жөніндегі осындай семинарлар мемлекеттік органдардың сұрақтарына неғұрлым толық жауап алу үшін ядролық және радиоактивті материалдардың әртүрлі типтеріне қолданылатын ядролық криминалистика әдістері туралы түсінікті кеңейтуге мүмкіндік беретінін айта кету керек.
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024