АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Джилл Руби бастаған АҚШ ЭМ (DOE/NNSA) делегациясының сапары


04 қазан 2022

 

2022 жылғы 3-4 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО РМК-ға АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Джилл Руби бастаған АҚШ Энергетика министрлігінің (DOE/NNSA) делегациясы келіп қайтты.

Сапар барысында делегация ССП тарихының экспозициялық залына, бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағына, «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешеніне, қазақстандық КТМ материалтану токамагының стендтік кешеніне, зертханаларға барды.

ССП-да полигонды қауіпсіз күйге келтіру бойынша АҚШ Қорғаныс министрлігі, АҚШ Энергетика министрлігі ұйымдары мен ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандарының ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстарының нәтижелері ұсынылды. Жұмыс барысында ядролық сынақтар жүргізу инфрақұрылымы жойылып, жаппай қырып-жоятын қарудың таралу қаупін азайту және полигон аумағындағы ядролық қызмет қалдықтарына қол жеткізуді болдырмау бойынша ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.

ҚР ҰЯО бүгінде АҚШ ұйымдарымен ынтымақтастықта таратпау мәселелерін шешуді жалғастыруда. Аталған бағыттағы маңызды жобалардың бірі – жоғары байытылған уранды пайдалануды азайту жұмыстары. ҚР ҰЯО 2010 жылдан бастап Аргон ұлттық зертханасымен және BATELLE ENERGY ALLIANCE, LLC компаниясымен ынтымақтастықта өзінің екі ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторларын U-235 бойынша 20%-дан төмен байытылған отынға ауыстыру жобасын орындайды. Биыл конверсиялау ісінде тағы бір маңызды нәтижеге қол жеткізілді – ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынмен физикалық іске қосу жүргізілді. Қазіргі уақытта осы реакторды энергетикалық іске қосуға дайындық жүріп жатыр.

Зерттеу реакторларының жоғары байытылған пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеу жөніндегі жұмыстар кешені ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Біздің ынтымақтастығымыздың тағы бір мысалы ретінде қазіргі уақытта Қазақстан мен АҚШ ғалымдары іске асырып жатқан БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаны атап өту қажет. Жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде.

Сапар қорытындысы бойынша Қазақстанның жаһандық ядролық қаруды таратпау мен ядролық қауіпсіздікке қосқан маңызды үлесіне айналған бірлескен жұмыстарға АҚШ делегациясы жоғары баға берді. Біздің пікіріміз бір: алынған тәжірибе, қол жеткізілген нәтижелер, қалыптасқан кооперация АҚШ пен Қазақстан ұйымдары арасындағы одан арғы жемісті ынтымақтастықтың негізі бола бермек.

 

 

 

 

СИП Токамак международное сотрудничество Ядерная безопасность ИВГ 1.M исследовательские реакторы ИГР БН-350 США Конверсия Казахстан РГП НЯЦ РК обеспечение контроля за безопасностью режим нераспространения стендовый комплекс делегация исследовательские лаборатории Министерство энергетики США