02 желтоксан 2025

ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас мамандар командасы сегіз елден келген қатысушылардың басын қосқан электрохимия бойынша «International Olympiad in Electrochemical Material Science» V Халықаралық олимпиадаcына қатысты.
Қатысушылар халықаралық қазылар алқасының бақылауымен зертханалық практикалық тапсырмаларды нақты уақыт режимінде орындап, есептерін сараптамалық бағалауға ұсынды.
Біздің мамандар «Өлшеу және талдау жабдықтарымен жұмыс істеудегі креативті тәсілі үшін» деп аталатын арнайы сертификатқа ие болып, ақшалай сыйақымен марапатталды.
Мұндай нәтиже ҚР ҰЯО жас ғалымдарының жоғары дайындық деңгейін және халықаралық ғылыми алаңдарда өздерін сенімді түрде көрсете білетінін дәлелдейді.
13 мамыр 2026
08 мамыр 2026
06 мамыр 2026
30 сәуір 2026