«ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫН» ҚАУІПСІЗ КҮЙГЕ КЕЛТІРУ


23 Мамыр 2022

Ұлттық ядролық орталықтың 30 жылдығына – 30 жоба!

№ 19 жоба. 2013-2020 жж. «ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫН» ҚАУІПСІЗ КҮЙГЕ КЕЛТІРУ

2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы «Тәжірибе алаңы» сынақ алаңының аумағында ЯҚҚ-ның таралу қатерін төмендетуге байланысты жұмыстардың жаңа үлкен кезеңін бастады.

«Тәжірибе алаңы» Семей сынақ полигонының алғашқы сынақ алаңы болды. Алаң атмосфералық (ауада және жер үсті) ядролық сынақтарды өткізу үшін пайдаланылды. Әдеби мәліметтерге сәйкес, 1949-1963 жылдар аралығында «Тәжірибе алаңында» 116 ядролық сынақ өткізілді, олардың 86-сы ауа сынақтары, 30-ы кіші немесе нөлдік биіктікте өткізілген жер үсті сынақтары, бұл ретте 5 жағдайда ядролық құрылғы іске қосылмады.

Қолда бар архивтік және әдеби материалдарды талдау, сондай-ақ бірқатар жергілікті радиациялық зерттеулердің нәтижелері алаң аумағында жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау критерийі бойынша қауіп төндіретін мөлшерде ЯҚҚ бар объектілер (учаскелер) болуы мүмкін екенін көрсетті.

Қолда бар деректер негізінде DTRA-мен бүкіл алаңға ауқымды егжей-тегжейлі тексеру жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл іске асыру 2020 жылы аяқталған жұмыстардың жаңа кезеңінің басы болды.

«Тәжірибе алаңындағы» объектілерді қауіпсіз күйге келтіру жөніндегі жұмыстардың ауқымы бұрын «Дегелең» және «Ақтамберді» алаңдарында жүргізілген жұмыстардың жекелеген түрлерінің көлемінен асып түсті. Жұмыстар алаңды, сондай-ақ оған іргелес аумақтарды егжей-тегжейлі тексеруден басталды. Бұл Ұлттық ядролық орталықтың бүкіл қызметі ішіндегі ең ауқымды зерттеу болды. Зерттеулер 6 жыл бойы қыста да, жазда да, ыстық пен аязда да үздіксіз жүргізілді. Нәтижесінде 20 000 қума километрден астам жаяу гамма-спектрометриялық түсірілім жүргізіліп, шамамен 3 млн спектрометриялық өлшеу жүргізілді, 750-ден астам зерттеу ұңғымалары бұрғыланып, 20 мыңнан астам үлгі алынып, оларға  зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ЯҚҚ-ны анықтау мен бағалаудың жаңа, бірегей әдістері, ауқымды спектрометриялық зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ оларды кейіннен өңдеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін арнайы программалық-аппараттық кешендер әзірленді. ҚР ҰЯО-ның қолда бар дамыған ғылыми базасын пайдалану әлемде алғаш рет топырақ бетінде, сол сияқты жер үсті қабатында да ЯҚҚ-ны анықтау және бағалау әдістемесін әзірлеуге мүмкіндік берді. Барлық әзірленген тәсілдер мен әдістер жұмыстарды іске асыру барысында ҚР ҰЯО сарапшыларымен тығыз ынтымақтастықта болған АҚШ-тың Лос-Аламос зертханасының сарапшыларының жоғары бағасына ие болды.

ЯҚҚ-ны анықтау мен бағалаудың дәл осы инновациялық әдістерін пайдалану қысқа мерзімде соншама ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізуге және техникалық алаңдардың аумағында, сол сияқты одан тыс жерлерде де ядролық сынақтар жүргізілген барлық жерлер мен әртүрлі эксперименттер жүргізілетін учаскелерді сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Зерттеулер «Тәжірибе алаңы» сынақ алаңының аумағында ЯҚҚ-ны оқшаулайтын барлық жерлері туралы нақты деректер алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері анықталған ЯҚҚ-ның таралмауын қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдерді әзірлеудің бастапқы нүктесі болды және «Тәжірибе алаңында» ЖҚҚ-ның таралу қаупін азайту жөніндегі жұмыстардың барлық кезеңдерін қауіпсіз жүргізуге арналған іс-шаралардың негізіне айналды.

ЯҚҚ бар әрбір анықталған объект үшін оны қауіпсіз күйге келтірудің өзіндік, бірегей әдістері мен технологиялары айқындалды. Тиімділікті арттыру үшін көптеген объектілерде әртүрлі әдістер кешені қолданылды.

Анықталған объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары зерттеу жұмыстары аяқталғанға дейін басталып, 2020 жылы толығымен аяқталды. Бірқатар объектілерде оларды рекультивациялау арнайы әзірленген әдістеме бойынша кейіннен қайта өңдеумен бірге құрамында ЯҚҚ-ның жоғары концентрациясы бар топырақтың жоғарғы қабатын алып тастау арқылы жүргізілді.

Қайта өңделген ЯҚҚ тиісті түрде буып-түйіліп, «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешеніне тасымалданды, онда қатты радиоактивті қалдықтардың арнайы дайындалған қоймаларында ұзақ уақыт сақтауға орналастырылды.  Таңдалған критерийлерге сәйкес, ЯҚҚ бар бірқатар учаскелерде терең жер жырту әдісімен рекультивациялау бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді, ЯҚҚ концентрациясын қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Персоналдың қауіпсіздігі тұрғысынан рекультивациялау жұмыстары мүмкін болмаған объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы қорғау құрылыстарын (физикалық тосқауылдарды) салу арқылы қол жеткізілді. Құрылыс – ЯҚҚ бар объектіні барлық жағынан сенімді жабатын темірбетон конструкция. Конструкция құрылғысы оны қолдана отырып объектіні ұзақ уақыт бойы қорғауды қамтамасыз етуге, өнеркәсіптік техниканы қолданбай объектіге рұқсатсыз кіруді толығымен жоюға мүмкіндік берді, әрекетті болдырмау үшін бұл жеткілікті.

Осылайша, қазіргі уақытта құрамында ЯҚҚ бар және «Тәжірибе алаңының» аумағында орналасқан барлық объектілер қауіпсіз күйге келтірілді, сенімді қорғалады және қауіп төндірмейді.

Қазақстан кезекті рет жаһандық қатерді азайту және таратпау режимін нығайту жөніндегі пәрменді халықаралық ынтымақтастықтың оң үлгісін көрсетті.

 

 

Ядерные испытания СИП международное сотрудничество исследовательские реакторы США РГП НЯЦ РК спектроскопия экологическая безопасность экспериментальная программа площадка «Дегелен» площадка «Опытное поле» плошадка "Актан-Берли" ОЯД радиационная безопасность