Ұлттық ядролық орталық халықаралық қауымдастыққа ИГР реакторын конверсиялау нәтижесін ұсынды


28 сәуір 2026

ҚР Ұлттық ядролық орталығының делегациясы 2026 жылғы 20–24 сәуірде Еуропалық ядролық қоғамның зерттеу реакторларының отынын басқару жөніндегі жыл сайынғы конференциясы – RRFM Conference іс-шарасына қатысты (Нидерланды, Лейден қ.). 

Техникалық бағдарлама аясында ҚР ҰЯО мамандары ИГР зерттеу реакторын конверсиялау және жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған баяндамаларын ұсынды. Жұмыстардың нәтижесі халықаралық сараптамалық қауымдастықтың айтарлықтай қызығушылығын тудырды.

Конференция барысында Аргонн ұлттық зертханасының (ANL) және АҚШ Энергетика министрлігінің (DOE/NNSA) өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Келіссөздер барысында келесі мәселелер қаралды:

  • ҚР ҰЯО-да төмен байытылған уран отынын алу технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы; 
  • Конверсия жобасын іске асыру кезеңіне арналған жол картасын өзектендіру. 

NNSA өкілдері жұмыстың жоғары қарқынын және биылғы зерттеулердің оң нәтижесін атап көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ИГР реакторын конверсиялау жобасының белгіленген мерзімде сәтті аяқталу мүмкіндігі жоғары екенін растады.

Анықтама: RRFM конференциясы 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және зерттеу реакторларын пайдалану, ядролық отынды басқару және жоғары байытылған уранды қолдануды азайту жобаларын іске асыру саласында тәжірибе алмасуға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып саналады. Іс-шара әлемнің жетекші сарапшыларын, қондырғы операторларын және реттеуші орган өкілдерін біріктіреді.
 

ИГР Конверсия международная конференция