FNCA-дің жаңа бағыттары


15 желтоксан 2020

Қызметтің жаңа бағыттары Азиядағы Ядролық кооперация форумының (FNCA) министрлер деңгейіндегі 21-кеңесінде талқыланды.

Қазақстан Республикасынан ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Батыржан Қаракөзов және ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, ҚР атынан FNCA үйлестірушісі Эрлан Батырбеков қатысты.

Кеңес барысында пандемия жағдайында ядролық технологияларды бейбіт және қауіпсіз қолдану мәселесіндегі белсенді өңірлік ынтымақтастық арқылы қатысушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін ілгерілету жөніндегі FNCA жұмысы қаралды.

МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Мариано Гроссидің ағымдағы пандемияға жауап ретінде МАГАТЭ-нің жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі қабылдаған бастамалары бойынша бағдарламалық баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.

Сондай-ақ FNCA-ге қатысушы елдердің «Пандемия жағдайындағы ядролық саладағы қызметтің жай-күйі (пандемия жағдайындағы ядролық ғылым мен технологиялардың әлеуметтік қамтамасыз етуге / денсаулық сақтауға ықтимал үлесі немесе рөлі)» тақырыбындағы баяндамалары және FNCA қызметі бойынша есебі тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылданып, 2020 жылғы үздік ғылыми-зерттеу командаларын марапаттау рәсімі өткізілді.

 

международное сотрудничество совещание FNCA