Радионуклидтік мониторинг станциясы ҚР Ұлттық ядролық орталығына жеткізілді


03 Желтоксан 2020

Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму департаменті мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасындағы Меморандумды іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда Курчатов қаласына асыл газдарды радионуклидтік мониторингілеу станциясы жеткізілді.

Жабдық салынған контейнер Қазақстан Республикасында радионуклидтік мониторинг станциясын орналастыру мен пайдалану үшін жауапты орындаушы болып табылатын ҚР Ұлттық ядролық орталығының аумағында орналастырылды.

Жабдық арнайы дайындалған алаңға орнатылғаннан кейін станцияның кілті ҚР ҰЯО-ға тапсырылды.

Қазіргі уақытта станцияны іске қосу, баптау және тестілеуді жүзеге асыру үшін техникалық мамандар келеді деп күтілуде. Пайдалануға беру бойынша барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін станция тұрақты режимде жұмыс істей бастайды.

Осылайша, Қазақстан Республикасында асыл газдарды радионуклидтік мониторингілеудің алғашқы станциясы жұмыс істей бастайды.

Станцияның негізгі мақсаты – алыс қашықтықтарға әуе жолымен тасымалданатын ядролық жарылыстың (асыл газдардың) физикалық өнімдерін тіркеу мақсатында ауаға радионуклидтік мониторинг жүргізу.

Қазақстанда радионуклидтік станцияны құру ядролық сынақтар нәтижесінде түзілетін радиоактивті инертті газдардың белгілері тұрғысынан өңірде әуе мониторингін күшейтуге мүмкіндік береді, әлемде жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін күшейтуге ықпал етеді, сондай-ақ ЯСЖТШҰ шеңберінде Қазақстан мен басқа елдердің жемісті ынтымақтастығын одан әрі дамыту мен нығайту үшін негізгі факторлардың бірі болмақ

радионуклиды международное сотрудничество ОДВЗЯИ РГП НЯЦ РК мониторинг МЭ