24 мамыр 2017
Келісімге 2017 жылғы 19 мамырда Елбасының Жарлығымен құрылған ҚР Ұлттық ядролық орталығының 25 жылдығына арналған халықаралық семинар кезінде қол қойылды.
Келісімге сәйкес тараптар қуатты арттыра отырып жылдам жүретін процесстер кезінде СНУП отынындағы твэлдердің әрекеті туралы эксперименттік ақпарат алу, БРЕСТ-ОД-300 РҚ твэлінің СНУП отынының ортарадиалдық энтальпиясын анықтау, реактивтілікті жылдам арттыру кезіндегі твэлдердің әрекетін сипаттайтын есептеу кодтарын верификациялауға арналған деректер алу бағыттарында ынтымақтастықты жүзеге асыру туралы уағдаласты.
Келісім шеңберінде келесі жұмыстар: жұмыстар мен сынақтардың техникалық тапсырмаларын, бағдарламаларын әзірлеу; сәулелендіргіш құрылғылардың конструкциялары мен твэлдердің макеттерін әзірлеу; эксперименттердің қауіпсіздігін негіздеу; сәулелендіргіш құрылғылардың конструкциялары мен твэлдердің макеттерін жасау; ИГР реакторында жаңа отындағы БРЕСТ-ОД-300 реакторы твэлдерінің макеттерімен қуатты жылдам арттыру режимдерінде реакторлық эксперименттер жүргізу; БРЕСТ-ОД-300 реакторы отынының шектік ортарадиалдық энтальпиясын анықтау үшін реакторлық эксперименттер жүргізу; Қазақстан Республикасында реактордан кейінгі бұзбайтын зерттеулер жүргізу; ИГР реакторында жобалық жанып біту шамаларына жеткен сәулеленген отындағы БРЕСТ-ОД-300 реакторы твэлдерінің макеттерімен реакторлық эксперименттер жүргізу көзделген.
Келісім шеңберінде бірлескен мақалалар мен баяндамаларды жариялау, атом энергиясын бейбіт масқсатта пайдалану саласында кадрлар даярлау кезінде ынтымақтастық жүргізу жоспарланды.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024