01 шілде 2025
2025 жылғы 24-26 маусым аралығында Курчатов қаласында ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Жапон атом энергиясы агенттігі (JAEA) және жапондық «Marubeni Utility Service, Ltd.» компаниясы мамандарының post-EAGLE-3 халықаралық келісімшарты бойынша техникалық кездесуі өтті.
Жоба шеңберінде JSFR төртінші буын перспективалы натрий реакторының конструкциясын негіздеу үшін реакторішілік және реактордан тыс зерттеулер жүргізу мүмкіндігінің техника-экономикалық негіздемесі бойынша жұмыстар орындалады. ТЭН аяқталғаннан кейін EAGLE-4 эксперименттік зерттеу бағдарламасын жалғастыру туралы шешім қабылдау жоспарланып отыр.
Техникалық кездесудің негізгі күн тәртібі – күнтізбелік жоспарға сәйкес ТЭН-нің орындалатын кезеңдерінің мәртебесін анықтау, реакторішілік және реактордан тыс эксперименттік құрылғыларды жобалауға, сондай-ақ оларды сынау режимдерін негіздеуге байланысты техникалық талаптар мен мәселелерді талқылау болды. Кездесудің бір бөлігі ТЭН кезеңдерінің орындалу мерзімдерін, есептің құрылымын және ТЭН-ге ұсынылуы тиіс материалдарды талқылауға арналды.
Кездесу техникалық жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша хаттама ресімделді, онда келісімшартты іске асырудың алдағы кезеңіне арналған міндеттемелер көрсетілген.
01 шілде 2025
27 маусым 2025
27 маусым 2025
27 маусым 2025