27 маусым 2025
ҚР ҰЯО өкілдері 9-13 маусым аралығында KINGS (KEPCO International Nuclear Graduate School), KNA (Korean Nuclear Association) және МАГАТЭ ұйымдастырған АЭС салу және пайдалану мәселелері жөніндегі өңіраралық семинарға қатысты. Іс-шара әлемнің 20 елінен келген сарапшыларды біріктірді және атом энергетикасын дамытудың алаң таңдаудан бастап станцияны пайдалануға беруге дейінгі негізгі кезеңдерін талқылауға арналған платформаға айналды.
Бағдарламасы тақырыптық сессияларды, жұмыс істеп тұрған АЭС-ке және ядролық реакторларға арналған жабдықтар шығаратын зауытқа жасалатын техникалық турларды қамтыды.
16-20 маусым аралығында RAD 2025 13-ші халықаралық конференциясы өтті, онда біздің ғалымдар Семей сынақ полигоны аумағындағы радиациялық жағдайды, қоршаған ортаның ластануын зерттеу нәтижелерін және АЭС-тің табиғи экожүйелерге ықтимал әсерін бағалауды ұсынды. Конференция әлемнің 35-тен астам елінен келген мамандарды бір жерге жинады.
Халықаралық алаңдар қазақстандық мамандарға кәсіби байланыстарын нығайтуға, радиациялық қауіпсіздік және атом энергетикасы саласындағы жаңа тәжірибелер енгізуге, сондай-ақ жаһандық ғылыми-экологияны дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
27 маусым 2025
27 маусым 2025
25 маусым 2025
24 маусым 2025