01 шілде 2025
2025 жылғы 22-26 маусым аралығында Ситжес қаласында (Испания) жаңа материалдарды жасау, зерттеу және қолданудың өзекті бағыттарына арналған материалтану саласындағы ең ірі кәсіби іс-шаралардың бірі – Materials Today Conference 2025 халықаралық конференциясы болып өтті.
Ұлттық ядролық орталық бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде орындалған қолданбалы және материалтану зерттеулерінің нәтижесін ұсынды. Басты тақырыптардың қатарында БН-350 реакторының сұйық радиоактивті қалдықтарын қатайтуға арналған сорбенттерді таңдау және бағалау жөніндегі әзірлемелер, сондай-ақ зерттеу реакторларында ядролық және конструкциялық материалдарды сынауға арналған ҚР ҰЯО эксперименттік базасы туралы материалдар болды.
Жеке секция кезінде қатысушыларға қысқа толқынды разрядта әртүрлі қуатпен метанды ыдырату әдісімен алынған материалдар мен сутегін жинақтаушылар саласындағы зерттеулер ұсынылды.
Халықаралық сарапшылар қауымдастығы Ұлттық ядролық орталық мамандарының баяндамалары туралы оң пікір білдірді. Іс-шараға қатысу кәсіби байланысы кеңейтіп, материалтану саласын дамытудың өзекті бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
13 тамыз 2025
04 тамыз 2025
30 шілде 2025
29 шілде 2025