Наурыз құтты болсын!


20 наурыз 2020

Құрметті әріптестер!

Көнеден келе жатқан мерекелердің бірі – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке уақыт пен ұрпақ сабақтастығының үздіксіз байланысын, тыныштық пен жақсылықты бейнелейді, көктемгі тепе-теңдікті білдіреді, өмірімізге жаңа жасампаздық қуат енгізеді.

Осы көктем мерекесінің терең мәні, әсіресе бүгін, әлем жаңа сын-тегеуріндерге тап болғанда өзекті болып отыр – біз коронавирус инфекциясының жаһандық пандемияға ұласуының куәсі болдық. Бүгін біз үшін бірлік пен өзара түсіністік, мейірімділік пен шыдамдылық таныту маңызды. Осындай қиын-қыстау жағдайда өзіміздің ішкі жауапкершілігімізді арттырып, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында бұл ахуалды да еңсеретінімізге сенімдімін.

Бүгінгі мереке күні сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, жақсылық пен бақыт тілеймін! Наурыз мейрамы әрқайсымызға межелеген жоспарларымызды ойдағыдай жүзеге асыруға сенім сыйласын!

                                                                  Эрлан Батырбеков,
                                                                 ҚР ҰЯО РМК бас директоры

поздравление